Үй жануарыңыз және COVID-19

Үй жануарым коронавирусты жұқтырып алуы мүмкін бе?

Ағымдағы ақпаратқа сүйенсек, бұл екіталай. Зерттеулер көрсеткендей, ит пен мысықтарға бұл вирус оңайлықпен жұқпайды және олардың адамдарға немесе басқа да үй жануарларына вирусты жұқтыра алатынына ешқандай дәлел жоқ.

Үй жануарымды коронавирустан қорғаудың ең жақсы әдісі қандай?

Қазіргі уақытта зерттеулер көрсеткендей, үй жануарыңыз COVID-19 вирусын жұқтыра алатыны екіталай және үй жануарлары басқаларына жұқтыратындай ешқандай дәлел жоқ. Біз келесілерді ұсынуды жалғастырамыз:
- қолды мұқият жуу;
- жануарлардың вирус жұқтырғандармен байланысын шектеу;
- егер үй жануары вирус жұқтырғандармен байланыста болса, карантинде ұстау қажет.

Үй жануарым жүнімен вирусты тасымалдауы мүмкін бе?

Үй жануарыңыздың жүні – адамның айналасындағы басқа заттар сияқты беткі қабат. Сондықтан гигиена ережелерін сақтау, қолды мұқият жуу, жануардың науқас адаммен байланысын шектеу және карантинді ұстану қажет, егер бұндай байланыс болған болса.

Үй жануарым маска тағуы қажет пе?

Маскалар үй жануарларын жұқпалы аурулардан немесе ауаны ластайтын заттардан қорғайтыны жайында ешқандай ғылыми деректер жоқ. Мысық пен иттің тұмсықтары адамдардың беттеріне қарағанда айтарлықтай қатты ерекшеленеді – бір жануарға арналған маска қалғандарына сәйкес келе бермейді. Бұған қоса, үй жануарларына тұмсығына не үшін маска тағатынын түсіндіру мүмкін емес, бұл оларды үркітіп жіберуі немесе жайсыздық тудыруы мүмкін.

Үй жануарын далаға шығара берсем бола ма?

Иә. Үй жануарыңызды қарғы баумен немесе кеуделікпен далаға шығарыңыз, басқа адамдармен немесе үй жануарларымен мүмкіндігінше байланысқа түспеңіз. Иесінің өзін-өзі оқшаулауы / карантин режимінде болуы ерекше жағдай болып табылады – бұл жағдайда жергілікті билік органдарының бұйрықтарына жүгініңіз.

Мен ауырып қалсам, үй жануарыма қамқорлық жасай аламын ба?

Ауырып тұрсаңыз, мүмкіндігінше үй жануарларыңызға отбасыңыздың басқа мүшесінің қамқорлыққа алуын сұраңыз. Үй жануарларыңызға өзіңіз қамқорлық жасауыңыз тиіс болса немесе ауырған кезде жануардың қасында болсаңыз, онымен байланысқа түскенге дейін және кейін қолыңызды жуыңыз.

Үй жануарыма өнімдеріңіз арқылы жұғу қаупі бар ма?

Коронавирустың қазіргі тарауы үй жануарларының азық-түліктеріне немесе тамақтарына – өнім арқылы да, қаптамасы арқылы да қауіп төндірмейтініне сенімді болыңыз. Бұған қоса, өндірісімізде қолданылатын өңдеу әдістері вирусты жоюға жеткілікті.

Ингредиенттерді алып келетін аймақтар қауіпсіз болып табыла ма?

Біз жергілікті заңнама талаптарына және біздегі сапаның жоғары стандарттарына сәйкес келетін жеткізушілеріміздің тек жоғары сапалы өнімін пайдалана отырып, әлемнің көптеген аймақтарынан ингредиенттерді жеткіземіз. Бұған қоса, өндірісімізде қолданылатын өңдеу әдістерінің вирусты жоюға жеткілікті екенін атап айтамыз.

Мен дүкендерде әдеттегі тамақты таба алмай жүрмін. Не болып қалды?

Үй жануарларының азығы аса маңызды, үй жануарларыңызға сүйікті әрі қажетті азықтарын жасауды жалғастырамыз. Үй жануарларына арналған азықта жетіспеушілік жоқ, сондықтан барлық үй жануарларының иелеріне мұқияттылықпен үй жануарыңызға қажетті азықты ғана сатып алуларыңызды сұраймыз.

Мен үй жануарымның әдетте жейтін азығын таба алмай жүрмін. Оны басқа рационға ауыстыра аламын ба?

Иә. Ең дұрысы азықтың сол түрін (құрғақ немесе ылғалды) алыңыз да, апта бойы бірте-бірте жаңа рационды аз порциямен үй жануардың әдеттегі азығына қосып беріңіз. Бұл үй жануарының ас қорыту бұзылыуының алдын алу үшін қажет.

Мы используем cookie-файлы для персонализации содержимого сайта и рекламных объявлений, а также для обеспечения функционала социальных
сетей и анализа нашего трафика. Ознакомьтесь с нашей Политикой в отношении cookie-файлов. Вы можете использовать настройки cookie-файлов, чтобы
изменить свои предпочтения. Узнайте больше о нашей политике в отношении файлов cookie (opens in a new tab)